Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қолайсыз ауа райында жолда қалып қойған автокөліктер колонасына көмек көрсетті

87
көрілім
Фотосурет open-kz.kz сайтынан

"Өскемен-Тарғын-Самар" автокөлік жолында Жоғары Тайынты ауылының маңында ауа райының қолайсыз болуы салдарынан жолда қалып қалған 15 жеңіл автокөлік пен 30 адамның,соның ішінде 4 баланы Тарғын ауылына дейін жолды қауіпсіз жүру үшін көмек  көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ары қарай автокөліктер өздері қозғалыстарын жалғастырды. Жолды тазалауға "ОблШығысЖол" ұйымынан тазалағыш техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 5 республикалық және 7 облыстық маңызы бар жолдар жабық. Ауа райының қолайсыз болуына байланысты ШҚО ТЖД-де жедел штаб құрылды, азаматтарға 87232-55-38-19 телефон нөмері бойынша қызмет көрсетеді.ШҚО ТЖД облыс тұрғындарынан бастарын қауіп-қатерлерге тікпей, дауылды ескерту жарияланғаннан кейін, тұрғылықты елді-мекендеріңізден алыс шықпауларыңызды сұрайды. Ауа райы туралы Сіз "Дармен" мобильді қосымшасынан біле аласыз. Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмері бойынша хабар беріңіздер.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі