Шығыс Қазақстанда қылыш тісті бұғы мекендейтінін білесіз бе?

402
көрілім

Құдыр немесе Moschus moschiferus Батыс және Оңтүстік Алтай тау бөктерлерін мекен етеді. Ол өзі ғана 55 миллион жыл бұрын пайда болған құдыр тұқымдастарын құрайды. Қазіргі уақытта оның саны өте аз. Ғалымдар оның 1000-1200 дарасын ғана анықтап отыр, сондықтан оны аулауға тыйым салынған.

Құдыр — өте сұлу аң. Кішкене (шоқтығында не бары 55-60 см), әдемі, ашық түспен араласқан қою-шоколад түсті, көздері балқытылған алтын түстес. Оның бірегей ерекшеліктері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

Аталығында төменгі жаққа дейін түсетін азу тістері бар. Аналығнда да мұндай тістер бар, бірақ көлемі жағынан кішкене болып келеді.

Құдыр қылқанды ағаштар: самырсын қарағай, шырша немесе майқарағай өсетін тау бөктерлерін мекен етеді. Оның негізгі тағамы — қына. Күй таңдағыштығына байланысты құдырлар отырықшы тіршілікке бейім, жылына 300 гектардай ғана жайылымды игереді.

Бұл кішкене сұлу аң жүгіргенді ұнатпайды, тек адымдап қозғалады немесе қауіп төнген жағдайда ұзын қашықтыққа қарғи бастайды. Олардың көбі жыртқыш аңдардың олжасына айналады. Өйткені кіп-кішкентай құдырды тіпті жапалақ та көтеріп, алып кете алады. Басқа аңдар туралы айтпаса да болады.

Құдырдың аталығында ерекше жұпар сулы сөл — мускус бөлетін бездер бар. Мускус — ежелден парфюмерияда амбрамен бірге қолданылатын зат. Осыған байланысты құдырлар жер бетінен толық жойылып кету қауіпіне ұшыраған еді.