Шығыс Қазақстанның екі жүз мыңнан астам тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

347
көрілім

Шығысқазақстандықтар Бірінші Президент күнін мерекелеуде. Жастар Нұрсұлтан Назарбаев пен Республиканың барлық тұрғындарын «Ақ тілекпен, Елбасыға!» — «Наши поздравления — нашему Президенту! акциясы арқылы осы айрықша оқиғамен құттықтады.

Бүгінгінің жастары әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын болғандықтан, «Ақ тілекпен, Елбасыға!» деген жазумен Instagram парақшасы бейленеленген стендтер жасалды. Олар сауда үйлерінде, ойын-сауық кешендерінде, кинотеатрларда, сондай-ақ, облыстың ірі қалаларындағы оқу орындарында орнатылды. Қатысушылар стендтің фонында суретке түсіп, Елбасына арналған құттықтау және тілектерімен бірге фотосуретті ВКонтакте, Instagram и Facebook әлеуметтік желілеріне #MeninPrezidentim, #MoiPrezident, #MyPresident хэштегімен жариялайды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстандық ЖОО-ның студенттері мен ірі кәсіпорындардың өкілдері бейнеқұттықтаулар жазып, олар LED-дисплейлерде, ғаламтор сайттарында, ютуб-арналарда және әлеуметтік желілерде аталған хэштегпен көрсетілді.

Бірінші желтоқсан қарсаңында акцияға 200 мыңнан астам адам қатысты.