Шығыс Қазақстанның жылнамасы желтоқсанда жарық көреді

304
көрілім

Облыстың құрылған кезеңінен басталатын тарихы ұсынылған «Парақтарды байланыстырған арқау» кітабы ШҚО 85-жылдығына қарай шығарылмақ.

Бұл басылымда біздің облыстың қалалары мен аудандарының өмірі туралы, Шығыс Қазақстанның 1932 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықтағы қоғамдық қайраткерлер туралы тарихи анықтамалар бар. Жылдар бойынша жинақталған ақпарат бұрын еш жерде жарияланбаған бірегей мұрағаттық фотосуреттермен көркемделеді.

Жылнама бойынша жұмыс істеген ғалымдар мұрағаттан ескі газеттерді шығарып, қызықты үзінділерді келтірді. Олар туған өлкенің тарихи жолындағы маңызды оқиғаларды көрсетеді. Жылнамада облыста орналасқан тарих және мәдениеттің бірегей ескерткіштері туралы мәліметтер де бар.

Бұл еңбек қазақ және орыс тілдерінде 500 дана болып шығарылмақ. Жылнама ШҚО 85-жылдығына арналған «Өлкетану оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында таныстырылады. Аталмыш конференция 2017 жылдың 12 желтоқсанында өтеді. Сондай-ақ, жылнаманың электронды нұсқасы «Туған жер-ШҚО» ғаламтор-порталында жарияланып, Шығыс Қазақстанның тарихына қызығушы оқырмандардың барлығына қол жетімді болады.

«Парақтарды байланыстырған арқау» жылнамасының басылымы (ШҚО 85-жылдығына орай) «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы «Шығыс Қазақстан өркениетінің феномені» жобасының бөлігі болып табылады.

Біздің анықтама

Шежірені жасауда тарих ғылымдарының докторы, ШҚМУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Альбина Жанбосынованың жетекшілігімен: Александр Алексеенко, Жанна Әубәкірова, Елена Савчук жұмыс істеді. Сонымен қатар, материалдарды даярлауда ШҚО Мемлекеттік мұрағатының, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Семейдегі жаңа тарих құжаттамасының облыстық орталығы және ШҚМУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұжымы қатысты.