Шығысқазақстандық дәрігерлер Түркияға көмекке баруға дайын

437
көрілім

Медицина қызметкерлерінің тізімі Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіліп қойған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанованың айтуынша, министрлікке зілзала болған елге қолұшын беруге әзір ақ халаттылар тізімін жіберіп қойды.

– Оның ішінде анестезиолог-реаниматолог, терапевт, травматолог, хирург, нейрохирург маманы бар, – дейді ол.

Еске сала кетейік, ақпан айының 6-сы күні Түркияның оңтүстік-шығысында бірінен соң бірі алапат жер сілкінісі болып, Сирияның да кейбір аудандарын қамтыды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес кеше Алматыдан Түркияға құтқарушылар ұшып кеткен.

Айым ДҮЙСЕНБИНА