Шығысқазақстандық тағы төрт спортшы Олимпиада ойындарының жолдамасын иелену үшін лицензиялық жарыстарға қатысып жатыр

123
көрілім
Фотосурет Olympic.kz сайтынан

Ресми ақпаратты облыс әкімдігінде өткен жиын кезінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көбіне мәлім, осы жыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына дайындықпен ерекшеленеді.
Асқар Байжігітұлының сөзінше, қазір жерлестерімізде 5 лицензия бар (Қазақстанда барлығы 46 лицензия). Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков 86 кг салмақ дәрежесінде, таэквондодан Төлеуғали Батырхан 80 кг салмақта, шпагамен семсерлесуден Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов, жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова (марафон) төртжылдықтың басты бәсекесінде ел намысын қорғайды.
- Сонымен қатар, Олимпиада ойындарына қатысу құқығына жеңіл атлетикадан лицензиялық жарыстарға облыстан тағы 4 спортшы қатысуда. Сондай-ақ 2024 жылдың 29 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына 2 паралимпиадашы Советканов Нұрәлі (жүзу) және Шишаева Елена (ат спорты) қатысу үшін бақ сынауда, - деді басқарма басшысы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ