Шығысқазақстандық жекпе-жек шеберлері ел чемпионатында 11 медаль иеленді

835
көрілім

Өскеменде жекпе-жектен өткен ел чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Жекпе-жек» сарайында өткен біріншілікте нокауттар мен тэйкдаундар, қылқындыру мен сұлатып түсірудің түр-түрі тіркелді. Бастысы, жергілікті спортшылар жанкүйерлерін жерге қаратпады. Аталған сайысқа бас-аяғы 150 жекпе-жек шебері қатысты. Жанкүйерлер ТМД көлемінде есімі белгілі Арман Әшімовтің әр кездесуін асыға күтті. Тісқаққан спортшы бұл жолы да еш қиындықсыз тұғырдың ең биігінен көрінді. Аймақ спортшылары да қамшы басып, біріншілік қожайындары ретінде лайықты өнер көрсетті. Дұрысы, чемпионат қорытындысына көз жүгіртейік:
1. Диас Ерланұлы (75 келі) – алтын
2. Ерзат Сақабанов (61 келі) – алтын
3. Варвара Полторанина (52 келі) – алтын
4. Әйгерім Әубәкірова (67 келі) – алтын
5. Меруерт Ибраева (+67 келі) – алтын
6. Ару Джангутинова (+67 келі) – күміс
7. Милан Кондратьев (+90 келі) – қола
8. Денис Черников (80 келі) – қола
9. Ерзат Айтқазин (70 келі) – қола
10. Шалқар Бекдеубаев (70 келі) – қола
Хамза Тарасов (61 келі) – қола
Мұндай нәтижемен жерлестеріміз Ақтөбе мен Түркістан облыстарын артқа тастап, жалпыкомандалық есепте көш бастады!