Шығысқазақстандықтар VIP нөмірлер сатып алу үшін 160 миллионнан астам теңге жұмсаған

669
көрілім
Шартты фотосурет

Пандемия шығысқазақстандықтарға автокөлікке әдемі VIP нөмірлер сатып алу үшін еш кедергісін келтірмеген екен. Ресми деректер өңір тұрғындарының VIP нөмірлер сатып алуға қанша ақша жұмсағандарын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, 2020 жылы шығысқазақстандық көлік иелері 629 мемлекеттік тіркелген нөмір белгілеріне 164404818 теңге жұмсапты. 2019-шы жылмен салыстырғанда бұл 49 нөмірге артық. Ол кезде облыс тұрғындары 580 нөмір сатып алып, оған 132905900 теңге шығындаған.

Полиция департаментіндегілер мемлекеттік тіркелген нөмірлер Өскемен мен Семей қалаларында көп мөлшерде сатып алынғандығын мәлімдеді. Айталық, 2019 жылы 238 және 221 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 310 мен 159-ға өзгерген. Соңғы екі жылда алыстан көз тартар әдемі нөмірлерді темір тұлпарына тағып қою үшін өскемендіктер 134 миллион теңгесін жұмсаса, Семей тұрғындары 92 миллион теңгесімен қош айтысқан.

Басқаларға қарағанда анағұрлым кең таралған сандар комбинациясы келесідей: 001, 777, 070, 077 және 707.

ҚР Кодексінің 615-бабына (Салық және бюджетке төлеуге міндетті өзге де төлемдер туралы) сәйкес төмендегі сұранысқа ие мемлекеттік көлік нөмірлері үшін өндіріп алынатын мемлекеттік баж салығы бекітілді:

Көлік нөмірі

Салық мөлшері

1

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандары үшін

57 АЕК

2

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 бірыңғай әріптері бар сандар үшін

114 АЕК

3

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сандары үшін

137 АЕК

4

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 бірыңғай әріптері бар сандар үшін

194 АЕК;

5

001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары үшін

228 АЕК

6

001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірыңғай әріптері бар сандар үшін

285 АЕК;