Сотта жекеше қаулыларды есепке алу және оның орындалуы

351
көрілім
Фотосурет Egеmen.kz сайтынан

Бұл қадамдардың қалай іске асатыны жөнінде Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маман сот отырысының хатшысы Анар Белгібаева толығырақ мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандар жекеше қаулыларды есепке алу, орындалуына кеңірек тоқталды. Олардың айтуларынша, сот актісі орындалуымен құнды. Бір есептен, бұл дегеніміз халықтың сотқа деген сенімділігіне, көзқарасына әсер ететін басты себеп.
- Іске қатысушы тараптарды әуре-сарсаңға түсірмей, істің қаралуын созбалаңға салдырмау бүгінгі күннің басты талабы. Оларды қарау кезінде төрағалық етуші судьямен заңбұзушылық анықталған жағдайда жеке қаулылар мен ұйғарымдар шығарылады. Жеке қаулылардың, ұйғарымдардың көшірмелері тиісті ұйымдарға, лауазымды және басқару функцияларын атқаратын өзге де тұлғаларға мәлімет үшін жіберіледі, - делінген мәліметте.
Жеке қаулыға шағым мен прокурордың талап-тілегі Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына қаулы жарияланған уақыттан бастап 15 тәулік ішінде сот арқылы келтірілуі мүмкін.
 Сот актілері заңды күшіне енген соң жеке қаулылар мен ұйғарымдардың көшірмелері орындауға жіберіледі. Жеке қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар қолданылып, оның нәтижелерi сотқа жолдануы қажет.
 - Есепке алу құжаттарында жеке қаулылар, ұйғарымдар және олардың орындалуы бойынша деректемелер толтырылады, содан соң оны бақылау жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алудың электрондық журналы бойынша жүзеге асырылады. Жеке қаулылардың, ұйғарымдардың және орындалуы жөніндегі шығыс, кіріс құжаттардың электрондық мазмұны есептік құжаттарға салынады, - деді қалалық мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маман сот отырысындағылар.
Қажет жағдайларда кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың арасында байланыстыру жүргізіледі. 
    Жеке қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын бақылауды сот төрағасы, іске төрағалық еткен судьялар және кеңсе меңгерушісі жүзеге асырады.

Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің
бас маман сот отырысының хатшысы Анар Белгібаева