Степное ауылында технологиялық жолды су шайып жатыр

125
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Үлбі өзенінің деңгейі көтеріліп, Степное ауылының арғы жағында орналасқан карьер жағасы мен технологиялық жолды су жайып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жолды су алғанымен, жергілікті жердегі тұрғын үйлер мен жеке меншік аулаларға қауіп жоқ. Одан бөлек бұл жол арқылы елді мекендерге көлік қатынамайтын. Су жағасы мен шайылған жол бөлігі тасқын мерзімінен кейін қайта қалыпқа келтірілетін болады. 
Сондай-ақ, Алтай ауданында бүгін Полянское ауылдық округінде Таволжанка өзенінің суы көтеріліп, Дородница ауылына апаратын жолдың бетіне шыққан. Аталмыш ауыл жоғары жерде орналасқандықтан елді мекенге қауіп жоқ. Жол арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылмады. 
Екі жағдай бойынша да тәулік бойы мамандар бақылайды. Қазіргі уақытта арнайы техника және мамандар әзір.