Танымал хоккейші Талғат Жайлауов астаналық "Барысқа" қайта оралды

502
көрілім
Фотосурет - massaget.kz сайтынан.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Талғат Жайлауов Астанаға оралды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Талғат Жайлауов «Торпедомен» келісім-шартты бұзды, ол спорттық мансабын елордалық «Барыста» жалғастыратын болады. Өткен маусымда Жайлауов Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 29 матчында ойнап, 14 шайба соқты және 9 рет ассистент ретінде шықты. 21-ші плей-офф ойынында Талғат 8 ұпай жинады (4 рет шайба соғу және шайбаның соғылуына алып келген 4 рет пас беру).

Айта кетейік, Талғат Жайлауов спорттық мансабын Өскемен хоккейінде бастаған болатын.