Тарбағатай ауданының дәрігерлері аттан құлаған ер адамға күрделі ота жасады

606
көрілім

Тарбағатай ауданында дәрігерлер аттан құлаған ер адамға күрделі ота жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жаңаауыл ауылының тұрғыны Дидар Мейранов 6 наурыз күні аттан құлап, ауыр жарақат алған. Нақты айтқанда, оның сол жақ бұғанасының жарықшағы сынған.  

Ер адам Ақжар ауылындағы ауруханаға түсті. Аталған ауруханадағы заманауи аппараттардың ішінде ота кезінде тіндерді кесу, ұсақ қан тамырларда қан кетуін тоқтатуға арналған электрокаогулятор бар. Сол аппараттың көмегімен пациентке ота жасалды.

«Ең әуелі қажетті ем алу үшін Өскеменге немесе Семейге бару керек деп ойладым. Алайда отаны аудандық аурухананың қабырғасында жасайтынын естігенде таңқалдым. Барлығы ойдағыдай болды. Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! МӘМС жүйесінде сақтандырылғандықтан еш ақы төлемедім», - дейді Дидар Мейранов.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы.