Тарбағатайда вандалдар сақ патшасы обасын қазуды жиілеткен

808
көрілім
Фотосурет visitest.kz сайтынан

Тарихи қорымдарды қазбалау аудан жұртшылығын алаңдатып отыр. Тұрғындар сөзінше, жуықта ғана бес оба қазылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан орталығы Ақжар ауылының халқы осы мәселені облыс әкімі Ермек Көшербаевтің алдында көтерді. Бір есептен, жергілікті әкімдік мұны тоқтатуға қауқарсыз десті.

- Бір мәселені қайталады демессіздер, бірақ жергілікті полицейлерге осыны қатаң бақылауға алу бойынша пәрмен берсеңіз. Осы ауылдан төрт шақырым жерде тағы бір сақ патшасының обасы бар. Осыны біреулер қазған. Әйтеуір, ел болып, жан-жақтан олардың әрекетіне тосқауыл қойдық. Ал осыны тәртіп сақшыларына айтсақ, ол мемлекеттік нысан, сол себепті тиісті мамандарды жібере алмаймыз деді. Тарихи орындарды қорлауға ешкімнің құқысы жоқ қой, - деді Бақыт Қатшабаев есімді тұрғын.

Жуықта ғана бес обаны қазып алып кетіпті. Жергілікті полицей өкілі фактілердің тіркелгенін жасырмады.

- Осыған дейін шұңқырларды қазған бірнеше адам анықталды. Бірақ біз қолға түсірген кезде қолдарында ешқандай зат болмады. Тек қазылған шұңқырлар болғандықтан іс қозғалмады, - деді тәртіп сақшылары.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев осы бойынша заңсыздық жиілегенін жасырмады. Бұл ретте тарбағатайлық полицейлерге нақты тапсырма жүктеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ