Ұлы Абылайхан Алакөлде емделген

371
көрілім

Алакөл ежелден өзінің емдік суы және батпағымен танымал болған. Аңыз бойынша, оның жағалауына ұлы қазақ ханы Абылай да келген деседі.

Қазақтарға XVIII ғасырдың 20-30 жылдары өте ауыр тиеді. 1729 жылдың қыс кезінде қазақ жасағы жиналып, Аңырақай тауының жанында басқыншыларға тойтарыс береді. Бұл шайқасқа үш жүзден 30 мың адам жиылып, жаумен бір апта соғысқан деседі. Жеңіс қазақтарға оңай келмеді.

Ұрыстан кейін жараланған қазақ батырлары Жоңғар қақпасына маңындағы Алакөлдің жағасына келеді. Көл суының жараны емдейтін қасиетімен танымал болатын. Болашақ хан Абылай сұлтан аяғынан жараланған екен. Ол да Алакөлге келіп, ем алады.

Аңызға сенсек, көлдің суына емдік қасиетті түрік перісі Еркілік сыйлаған. Еркілік — зұлым, құдіретті, қызғаншақ әзәзіл болса да, қазақтарды желеп-жебейді екен.