ҰОC ардагерлері осы айдың соңына дейін пойызбен тегін жүретін болады

640
көрілім

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мамыр айының соңына дейін пойызбен тегін жүретін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы «Жеңіс» жобасы аясында акцияға орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне пойызда ТМД аумағы мен Қазақстанда, қалааралық бағдарларда 2017 жылғы 1-мамыр 31-мамыр аралығында тегін жүру мүмкіндігі жасалды, – делінген хабарламада.

«Турист» вагондарында, мүмкіндігі төмен жандарға «Тұлпар –Тальго» пойыздарында арнайы купе қарастырылады.