Жақсылық Омар: Биыл Красин кентіне апарар жол жөнделеді

630
көрілім
https://instagram.com/zhaksylyk_omar

Бұл туралы Бабкина Мельница, Октябрьский шағын аудандары мен Красин кентінің тұрғындарымен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында шаhар басшысы Жақсылық Омар тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
–  Буров пен Новаторов көшелерінде «Бульвар айналмасын» жасау, Қазақстан көшесінде трамвай жолдарын қайта құру, Ғашықтар аллеясын абаттандыру жұмыстарын жоспарланып отырмыз, – деді әкім.
Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан Шмелев Лог шағын ауданы мен Красин кентіне апарар жолдардың тозып тұрғаны жайлы өтініш-шағым жиі түседі.
– Биыл аталған шағын аудандардағы асфальт қалпына келтіріліп, аулалар абаттандырылып, көшелер жарықтандырылмақ, – деді Жақсылық Мұқашұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.