Жастар Абай еліне саяхат жасады

302
көрілім

«Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» Жастар жылына орай «Жастардың рухани құндылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет» аясында Елбасының «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының негізінде «Рухани керуен» жобасы бастау алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жоба аясында өңіріміздің жас ақын, жазушылары және белсенді жастары Абай әлеміне саяхат жасады. Шараның мақсаты Абайдың тарихи мұраларын зерттеп, мәдени дәстүрлерімізді жастар арасында кеңінен насихаттау.

Жастар Күшікбай мекеніне, Еңлік-Кебек ескерткішіне, Бөрлідегі М.Әуезовтың мұражайына ат басын бұрып, Абай елінің мәдени құндылықтарымен танысты. 

Аталмыш бастама «ШҚО - жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы», ЗТБ Семей қалалық филиалы және «Семей қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өтті. Шара соңында қыркүйек айында бастау алған «Туған жердің түтіні қымбат маған» тақырыбында өткен, эссе байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ Ұлы Абайдың 175-жылдың мерей тойына орай Семей қаласының жастар ресурстық орталығы мен Абай ауданының жастар ресурстық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.