Жерлестеріміз ел чемпионатынан босатылды

102
көрілім
Фотосурет kazwrestling_official парақшасынан

Еркін күрестен Ұлттық құрама бапкерлері Астанада өтетін ел біріншілігіне қатыспайтын екі палуанның есімін атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ересектер арасында грек-рим-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатынан босатылған спортшылар - Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) және Нұрсұлтан Тұрсынов (грек-рим күресі). Екеуі де Семейдің тумалары.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасына қатысып үлгерген Тұрсынов былтыр қыркүйекте Белград жеріндегі додада кезекті жолдамаға ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ұтылса да, келесі мүмкіндігінде әзірбайжандық Ислам Аббасовтың осал тұсын тапты.
Ал Дәулетбеков сол сында қола медаль иеленіп, ел қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасын салды.
Ел біріншілігі ақпан айының 1-5 аралығында өтеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ