Жол-көлік оқиғасы: ШҚО Полициясы апатқа жауапты тұлғалардың атын атамады

243
көрілім

Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 33 жастағы көлік жүргізушісі кінәсін мойындады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

14 қараша күні Алтай қаласының Советская және Комсомольская көшелерінің қиылысында белгісіз жүргізуші жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болып, апатқа жауапты жүргізуші ізін суытып үлгерген.

-Көп ұзамай 33 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін мойындады, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Аталған фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Демалыс күндері WhatsApp пен басқа да әлеуметтік желілерде көлікті Алтай облысы әкімдігінің жүргізушісі басқарып келе жатқандығы туралы хабарлама таралды.