11-17 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

809
көрілім

Тоқты

Көппен пікір алмасуға келгенде шектен шығып кетпеуге тырысыңыз. Қандай жағдай болса да адамгершілік шегінен шықпағаныңыз жөн. Алдағы сейсенбі күні ойлағаныңыз көз тез арада жүзеге асса, оған қатты қуанбаңыз.

Торпақ

Не істесеңіз де жан-жақты екшеп, ақыл таразысына салуды әдетке айналдырыңыз. Апта ортасына қарай достарыңызға өзіңіздің нақты не қалайтыныңызды жеткізіп айтыңыз. Кейде сізді ешкім елемейтіндей көрінуі мүмкін.

Егіздер

Басыңызға теріс ой келіп, соның жетегінде кетіп қалмасаңыз болды. Не ойласаңыз да әр тараптан қарастырыңыз. Қайта осы кезең ағыспен баяу жүзуге қолайлы. Одан ешнәрсе жоғалтпайсыз.

Шаян

Бұл аптада аса маңызды шаралар өтуі мүмкін. Сіздің жауапкершілігіңіз мол. Сондықтан басшылық шараның мінсіз өтуін өзіңізге жүктейді. Тағы бір сынақ. Дегенмен белсенділігіңіз бен кәсібилігіңіз жұрт назарын аудармай қоймайды.

Арыстан

Табан аудармай еңбектеніп келе жатқан Арыстандар жауапкершілігімен әріптестерінің есінде қалады. Тіпті кейбір шаруаларды сенім артып, сізге жүктейді. Абзалы, одан бас тартыңыз. Әйтпегенде өз жоспарыңыз аяқсыз қалады.

Бикеш

Осы аптада шаруа шаш-етектен болып, жұмысыңыз көбейеді. Ендеше, іске сәт! Дегенмен ешкіммен ұрыс-керіске бармай, дау-дамайдың алдын алыңыз. Бір командадағы адамдармен кикілжің шыққаны тіптен дұрыс емес.

Таразы

Біреуді ғайбаттау, кекшілдік қыр соңыңыздан қалмайды. Бұның барлығы алған бағытыңыздан тайдыру үшін қолдан жасалған әрекеттер. Біреу-міреуге сын айтып, қатесін түзетуге тырыспағаныңыз жөн.

Сарышаян

Осыған дейін не бітірдіңіз, құрған жоспарыңыз орындалды ма, осы сауалдарға жауап іздегеніңіз жөн. Жаңа бір әлемнің қақпасын қағып көрсеңіз де болады. Өміріңізде жарқын сәттер көбейеді, жаңа достар тауып, күтпеген жерден сыйлықтар аласыз.

Мерген

Апта басында қабылдаған шешіміңіз алдағы өміріңіздегі маңызды қадамдарыңызға ықпал етеді. Сейсенбі күні өсек-аяңның жетегінде кетіп, жоқ жерден шалыс басудан сақ болыңыз. Сәрсенбі күні жауапкершілік жүгі ауырлай түседі, сергектік танытыңыз.

Тауешкі

Айналаңызда болып жатқан жайттарға алаңдап, ойыңызды сан-саққа шашыратпауға тырысыңыз. Ішкі түйсігіңіз бен өжеттілігіңіз бірқатар келеңсіздіктерден сақтап қалады. Жұмыста күш-қуатыңызды үнемдеп жұмсаңыз.

Суқұйғыш

Апта басында жаңа жоспар құрып қана қоймай, тезірек іске асыра бастаңыз. Сейсенбі күні әріптестеріңіздің арасында пікірталас, ой алмасу болып жатса, әлдекімге жақтас болудан аулақ болыңыз. Өзгені қолдаймын деп, өз атыңызға дақ келмесін.

Балықтар

Басшылық жүктемеңізді көбейтіп, сізге көп үміт артады. Алайда жұмыс уақыты аяқталған тұста қаншалықты шаршағаныңызды байқайсыз. Дұрысы, жеміс-жидекті жиі тұтынып, демалыс күндері жақсылап тынығыңыз.