20 – 26 қараша аралығына арналған жұлдыз-жорамал

189
көрілім

Тоқты
 Шаруаңыз шаш етектен болса да жұмыстың азаяр түрі жоқ. Жұмысбастылық салдарынан отбасыңыз үшін маңызды саналатын жайттарды назардан жіберіп алуыңыз мүмкін. Не болса да бір жұмысты соңына дейін аяқтап алғаныңыз жөн.
Торпақ
 Қазір басыңыз бос шығар, сондықтан орайлы сәт туындап тұрғанда екінші жартыңызды тапқаныңыз абзал. Жұлдыздар дүкен аралап, көптен бері қол жеткізе алмай жүрген керек-жарағыңызды алуға кеңес береді.
Егіздер
 Қызықсыз әрі қиын тірліктерді кейінге қалдыра тұрыңыз. Апта ортасында көңіліңіз нені қалайды, сонымен айналысыңыз. Айтпақшы, қазір үйде өзгерістер жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз де болады. Дұрысы,  мұны екінші жартыңызбен тізе қосып істеңіз.
Шаян
Қазір сіз жұмысты ең бірінші орынға қоясыз. Осының салдарынан кейбір әріптестеріңізбен пікірлеріңіз сәйкеспей жатады. Есесіне басшылық тарапынан сыйақыға ие болуыңыз мүмкін.

Арыстан
 Тез шешім шығарамын деп асығыстыққа барып жүрмеңіз. Түннің бір уағына дейін түрлі ойлардың жетегінде кеткенше, таңсәріде тұрып өткен-кеткенді ой елегінен өткізгеніңіз абзал.  Жұлдыздар Арыстандарға жолда жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Бикеш
  Керексіз ақпараттар мен кесел ойлардан арылу үшін бос уақытыңызды достарыңыздың арасында өткізіп, ұнатқан шаруаңызбен айналыссаңыз құба-құп. Жаңа таныстық орнатамын деп кей жағдайларда ағаттық жіберіп алмаңыз. Ол адам сіз ойлағандай болмауы мүмкін.

Таразы
 Жұмысыңыздағы маңызды сәттердің бірі –  қарашаның 22-нен басталғалы тұр. Реті келсе, әріптестеріңіз арасында барынша белсеніп, басшылық қойған міндетті бар ниетіңізбен орындағаныңыз жөн. Қам жемеңіз, еңбегіңіз еш кетпейді.

Сарышаян
Жұрт назарын сізге аударғанын қалайсыз ба? Онда іске сәт! Тек қиялға ерік беріп, басыңызға тәж киіп алып жүрмеңіз. Одан да жұмысыңызда көпшілікке таңсық жаңалық ашып, айды аспанға шығарыңыз.  
Мерген
Осыған дейін шешуі қиынға түскен мәселелерге қайта оралсаңыз, күрмеуі шешіліп-ақ тұр. Жақындарыңызбен тез тіл табысудың сәті түседі. Ал іскерлік мақсатта келісімшартқа қол қойып, жаңа қадамға барам десеңіз, онда асықпағаныңыз жөн.
Тауешкі
 Бірнеше жылдан бері некеге тұрған Тауешкілер сүйіктілеріңізден сыйлық күтсеңіздер болады. Жұлдызнаманың кейбір өкілдері аяқасты тұмауратып, өздерін жайсыз сезінгенімен жақсы жаңалық естігенде бәрін ұмытасыз.

Суқұйғыш
Қаржылық тұрғыда қысылып жатсаңыз бірден байбалам салмаңыз. Сабырлық сақтап, қолда бар қаражатыңызды үнемдеуге тырысыңыз. Осы уақытта ұнатқан адамыңызға сөз салып, сәті түссе шаңырақ көтеруге болады.  
Балықтар
Қордаланып қалған шаруаларыңызды қазір реттеп алыңыз, кейін одан әрі көбейіп кетеді. Біреу-міреуді сынға алғанша, басқалардың қателігінен сабақ алуға тырысыңыз. Аптаның екінші жартысын шығармашылыққа арнасаңыз болады.