Ғалымжан Әбілов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

531
көрілім

Ардақты ақ халатты абзал жандар, әріптестер!

Сіздерді Шығыс Қазақстан облыстық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалы ұжымының атынан кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілейміз!

Ізгі тілекпен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов