ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

428
көрілім

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде найзағай ойнап, қиыр солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек ҚР шығысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Синоптиктер Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл соғып, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді деп болжауда.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, ауа температурасы 30-35 градус ыстықты көрсетуі ықтимал.