Алдағы үш күн ел аумағында қар жауып, 26 градусқа дейін аяз болады

205
көрілім
Фото:tengrinews.kz сайтынан

Қазгидромет синоптиктері 4-6 қаңтар аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын, негізінен қар жауады, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ, екпінді жел соғады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашын жаумайды деп болжанып отыр.

Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды.