Алтай қаласында ер адам бірнеше үйді тонап кеткен

283
көрілім

30 жастағы қала тұрғыны жылдам ақша табудың амалын жасамақ болып, 54 жастағы әйел адамның пәтерін тонаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тонау болған үйден ол 100 мың теңге көлемінде ақшаны қалтасына басқан. Екі апта өткен соң 56 жастағы басқа бір әйелдің баспанасына түсіп 58 мың теңге ақшасын жымқырды.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, жеке мәліметтері анықталды. Екі оқиғада да ұры пластик терезелерін қысу арқылы кірген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Рүстем МҰҚАЖАНОВ