Алтай қаласының тұрғыны үйінің маңында суық қаруды жасырып, сақтап келген

270
көрілім

Алтай қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері зауытта жасалған тегіс ұңғылы аңшы мылтығын аудан тұрғынының үйінің маңынан тәркілеген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшыларының анықтауы бойынша табылған қару 2010 жылы қайтыс болған ер адамның атына тіркелген. Алайда бүгінгі таңдағы иесі оны заңсыз түрде сақтап келгендігі белгілі болды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлері тексеру жүргізуде.

Рүстем МҰҚАЖАНОВ