«Antikor оrtalyǵy» ШҚО тұрғындарының мәселелерін қарау бойынша жұмысын бастады

625
көрілім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып саналады.
Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
- уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталықтың жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.