Артиллериялық бөлімшелердің далалық жорығы

808
көрілім

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 2-28 тамыз аралығында Өскемен гарнизоны Жаңа-Ахмер оқу-жаттығу полигонында артиллериялық бөлімшелердің далалық жорығы жүргізілуде.

Далалық жорыққа механикаландырылған бригаданың артиллериялық дивизионы және 1-2 мотоатқыштар батальонының минаатқыштар батареясы тартылған.
Бұл тактикалық сабақта жауынгерлердің атыс, арнайы, саптық, инженерлік, дене дайындығы және басқа да оқу пәндерін үйрену барысында жинақтаған білімдері, біліктіліктері, дағдылары біртұтас кешенге біріктіріледі. Тактикалық дайындық кезінде сабақтар ұрыстың нақты жағдайына келтіріледі. Ол оқу үрдісіндегі барлық пәндерді негізгі байланыстырушы буыны болып табылады.
Тактикалық дайындық тақырыптарын пысықтау аяқталғаннан кейін әрбір сарбаз ұрыстағы өзінің жауынгерлік міндетін, қару-жарағының жауынгерлік мүмкіндіктерін білетін болады.
-    Далалық жорықта өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны оқтауды, көздеуді және атуды үйреніп, машықтанудамыз, - дейді көздеуші қатардағы Рахат Дәукен.
Далалық шығу барысында взводтардың үйлесімділігі жүргізіледі. Атыс взводы атыс міндеттерін орындап, батареялар және минаатқыш взводы, батареялар оқ ату кезінде жартылай тіке дәлдеумен қозғалмайтын мақсаттарды жояды.
–    Атыс кезінде артиллериялық бөлімшелер барлық мақсаттарға қол жеткізіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Танкіге қарсы батареялардың атыс взводы, өздігінен жүретін артиллериялық батареяның 1 атыс взводы ерекше көзге түсті, - деп атап өтті бригада командирінің орынбасары – артиллерия бөлімінің бастығы подполковник Бауыржан Назымбеков.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі