Ас үйде қосулы қалған электр құрылғысы өрттің туындауына себеп болған

712
көрілім

Өскеменде кеше сағат 15:25 уақытында Серікбаев көшесіндегі үйдің 5-қабатындағы пәтерінен өрт шықты. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сай, өрт тұрмыстық техниканың дұрыс қолданылмауы себепті туындаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өрттің шарпу аумағы 2 шаршы метрді құрады. Тілсіз жаудың шығуына электр құрылғысын (термопот) қолдану кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.

Өскемен қаласының ТЖБ ескертеді: тәулік бойы қосулы тұрған термопоттың ішіндегі сымдар балқып, мұның салдары өртті туындатуы мүмкін. Электр құрылғысының құжатына қарасаңыз, термопотты пайдалануға тек үш жылға ғана рұқсат етіледі. Ал көптеген тұрғындар мұны ескере бермейді, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер үйден шыққанда электр құрылғыларын өшіріп шығуға кеңес береді.