Бағдаршамның қызыл сигналында тоқтап тұрған кезде телефонмен сөйлесуге бола ма?

579
көрілім
Жүргізуші бағдаршамның қызыл сигналына тоқтап тұрған кезде ұялы телефонмен сөйлессе, ереже бұзғандық болып санала ма? Бұл талап қай заңмен қарастырылған?

Серік, Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің ресми сайтында сіздің сұрағыңызға сәйкес жауап былай делінген: «Ия, мұндай әрекет ҚР Жол ережелері талаптарын бұзу болып саналады. Жол жүру ережелеріне сәйкес, көлік құралын басқару кезінде жүргізушіге телефон немесе радиостанция қолдануға болмайды».