Бесқарағай ауданында Жаңа жыл қарсаңында қандай шаралар өтеді?

341
көрілім

Бесқарағай ауданында Жаңа жылды қарсы алуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

– Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырамыз. Сонымен қоса аудан, ауыл орталықтарына жергілікті демеушілердің көмегімен жаңажылдық шырша орнатылады. Аудан орталығына қойылатын жасанды шыршаның биіктігі 3-4 метрді құрайды. Мерекелік шырша желтоқсан айының 25-не дейін орнатылады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Баталов.

Оның айтуынша, аудан әкімінің жаңажылдық шыршасын Бесқарағай ауылының орталық алаңында 23-30 желтоқсан аралығында өткізілмек. Айта кетейік, Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсан күні Абай саябағында сағат 19:00-де аудан тұрғындарына арналған «Төрлет, Жаңа жыл» атты мерекелік шоу өтеді. Би кеші де мерекенің мерейін асырмақ. Ал бірақ жаңажылдық отшашулар ұйымдастырылмайды.

– Аудан аумағындағы шараларға көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары шақырылады. Сонымен қоса мерекеге орай сынып сағаттары, ертеңгіліктер, суреттер байқауы мен көрмелер ұйымдастырылады, – дейді Бауыржан Баталов.

Бесқарағай ауданында Жаңа жылды қарсы алуға қаржы қарастылырмаған