Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да қыздар білім сайысында бақ сынады

1334
көрілім
Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірінде өткен «Әйелдер жекпе-жегі» брейн-рингіне үш команда өз мүмкіндіктерін байқады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Рингке  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, ҚАЕУ оқытушылары, қызметкерлері және студенттері, сонымен бірге ШҚО облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова қатысты. 
- Іс-шараның барлық қатысушылары үш командаға бөлініп, эрудицияны, ұйымшылдықты және «шайқас» жүргізу тактикасын көрсетті. Шара 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналғандықтан, сұрақтардың барлығы әйелдер тақырыбына қатысты болды, -  деді ұйымдастырушылар.
Рингтегі үш раундтың өз тақырыптары болды: «Сұлулық – қорқынышты күш», «Көлеңкемен бокс», «Сәңқой», «Дәмді әңгімелер», «Салауатты өмір салты және тағы да басқа» .
Барлық раунд қорытындысы бойынша:
• 1 орынды «Виктори» командасы;
• 2 орын «Эдельвейс» командасы жеңіп алды;
• 3 орын «Либерти» командасына бұйырды.
Айта кетерлік жайт, қатысушылар өз командаларының атауларын өздері қойды.
-  Адамзаттың әдемі жартысы жағымды эмоциялар алып, көтеріңкі көңіл-күйге ие болды. ШҚТУ ұжымы барлық қыздар қауымын келе жатқан Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесімен құттықтайды! -  делінген мәліметте.