Депутаттар мен полицейлердің жалақысы көбейеді

563
көрілім
Фотосурет - Baq.kz сайтынан.

Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017 жылы депутаттардың, әскерилер мен полицейлердің жалақысын көбейтуге 33,1 млрд теңге қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрі өз есебінде 2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыны 11 трлн 191,5 млрд теңге болатынын атап өтті.

— Бюджет шығындарының өзгерістері 2 блок бойынша жүргізіледі. Біріншісі – Елбасы бастамаларын жүзеге асыру, Президенттің тапсырмалары және халықаралық міндеттемелерге 89,4 млрд теңге қарастырылған. Әскерилердің, ішкі істер органдары қызметкерлері және депутаттардың жалақысын өсіруге 33,1 млрд теңге қарастырылған, — деді Бақыт Сұлтанов.