Еңбек демалысы неге толық берілмейді?

428
көрілім

Мен жас маман ретінде алғашқы еңбек жылымды аяқтадым. Демалыс кестесін құру кезінде маған 56 күннің орнына 42 күн есептеп берді. Мұны «толық жыл бойы жұмыс істемегенің үшін» деп түсіндірді. Бірақ білім берудегі оқу жылы күнтізбелік жоспарға сәйкес келмейтіні белгілі, яғни 2018 жылдың 1 қыркүйегінен 2019 жылдың 31 тамызына дейін. ҚР Еңбек Кодексі мұғалімдердің демалысына қатысты жеке түсініктеме бермейді. Мектеп басшылығының бұл әрекеті қаншалықты заңды?

Гүлбану, тұрақты оқырман

Сіздің сауалыңызға орай жауап Қазақстан Республикасы бұрынғы білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинованың ресми блогында жарияланған:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 92 – бабына сәйкес жыл сайынғы төлемді еңбек демалысы қызметкерге бірінші және кейінгі еңбек жылдарында тараптардың келісімімен жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жоғарыдағы мақалаға сәйкес 2 пункт бойынша жұмыс жылы алғашқы күннен бастап он екі күнтізбелік айды құрайды.