Эйфель мұнарасының өртеніп жатқаны рас па?

1111
көрілім
Фото:Kazinform.kz сайтынан

Әлеуметтік желідегі отқа оранған Эйфель мұнарасының суреті көпшіліктің үрейін тудырды. Бұл рас па? Бұл туралы Buqara.kz сайтының тілшісі Еuronews  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эйфель мұнарасы өртеніп жатыр ма? Әлеуметтік желілерде Париждегі көрнекті ескерткіштің жалынға оранғаны бейнеленген суреттер пайда болды. Олар миллиондаған қаралым жинап, мыңдаған пікірлер мен лайктарға ие болды. Бірақ бұл бейнелер шынайы ма, анықтап көрейік.

TikTok-та, одан кейін X-те пайда болған мына видеода Париждегі Эйфель мұнарасының өртеніп жатқаны көрсетілген және ар жағында төтенше жағдайлар қызметінің сиреналары естіледі.

Видео 7 миллионға жуық қаралым жинап, оқырман тарапынан құрбан болғандар бар-жоғын сұраған сұрақтың астында қалды.

Зардап шеккендер жоқ, себебі видеолар мен фотосуреттер шынайы емес.

Оны Эйфель мұнарасының түрлі онлайн трансляцияларынан байқауға болады. Онда ешқандай өрт те, өрттің белгісі де жоқ.

Эйфель мұнарасының ресми сайтында да ешқандай ақпарат берілмеген.

Шын мәнінде бұл видео YouTube сайтында өткен жылы пайда болған. Оның тақырыбына қарасаңыз, оның VFX (визуалды эффектілер) және CGI (компьютерде жасалған кескіндер) екенін көресіз.