ХҚКО мамандары үй мәселесіне қатысты сауалдарды өз бетімен шешу жолын ұсынды

413
көрілім

Мамандар үйге қатысты мәселелер туындаса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеуге кеңес береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Ал тіркеу жолын әдеттегідей парақшамыздың #oqy&toqy айдарында айтып береміз. Бұл бірлестік ХҚКО арқылы тіркеледі және ол үшін:

Алдымен кез-келген ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондаңыз

Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:

Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы

Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш

Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек

Ескерту, ХҚКО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.

Қызмет бағасы - 1 АЕК (2 778 тг.)

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде - 10 жұмыс күні.

Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын! – делінген мәліметте.