Келер айда электр энергиясы қымбаттайды

389
көрілім

Келер айда электр қуатының тарифы қымбаттайды. Болжам бойынша 8-9 % артуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұған энергия өндіруші компаниялардың бағаны көтереміз дегені себеп болған. Айтуларынша, баға соңғы 5 жылда өзгермеген. Мұндай мәліметті Atameken Business-тің ресми сауалына жауап берген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары айтты.

Жалпы осы айдың өзінде еліміздегі үш өңірде электр қуаты қымбаттап үлгерді. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифі 3,2%-ға артқан. Батыста 1 килоВат электр қуаты 16 теңгеден 16,03 теңгеге дейін көтерілген. Ал Маңғыстау облысында тариф бірден 3,37%-ға қымбаттаған.