Қоғамдық тыңдау өтеді

260
көрілім

Өскемен қаласында көше атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өткізілмек.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы облыс орталығының бірқатар көшелерінің атауын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдауды 28 маусым күні өткізеді. Қатысуға ниет білдіргендер Пермитин көшесі, 17 мекенжайына сағат 11.00-де келуі керек.

Айта кету керек, бұл қоғамдық тыңдауда Ворошилов, Комсомольский, Менделеев көшелеріне қазақ халқының шоқтығы биік дара тұлғаларының есімін беру мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ «Жастар» саябағын партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың есімімен атау да көпшілік талқысына салынбақ.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ