Көліктік бақылау инспекциясындағы ашықтық

474
көрілім

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Кенжибек Мукашевтің қатысуымен тікелей эфир өтті.

Эфир барысында Кенжибек Мукашев сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар мен көліктік бақылау инспекциясының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.

- Инспекция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекетін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Атап айтқанда, жасалған қылмысы үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, арнайы әзірленген әлеуметтік роликтер көрсетіледі. Сондай-ақ, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдері рейдтік жұмыстар мен акцияларға тартылады, - дейді Кенжибек Мукашев.

Сонымен қатар, өңір тұрғындары инспекция басшысы (87771550001) мен Көлік комитеті Ахуалдық орталығының сенім телефондары 8 (7172) 98-35-35, 8-708-088-08-00 (Whatsapp) және инспекцияның Instagram, Facebook әлеуметтік желілері (@itkvko) арқылы кез-келген сауалдары мен мәселелері бойынша байланыс орната алады.