Қоңыз көп емес

499
көрілім

Биылғы жылы Өскемен қаласы мен Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарының аумағында картоп сабағына қырғидай тиетін колорад қоңызының әдеттен тыс азайғаны байқалып отыр.

- Қоңыздың жоғалуына 2017 жылдың желтоқсан айында орнаған саршұнақ аяз бен қардың жұқа болуы әсер етті, - дейді Аумақтық агроөнеркәсіптік кешен инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Берікбол Дүсіпов. - Кей жерлерде тоң екі метр тереңдікке дейін қатты. Ал колорад қоңызы өмір сүретін аумағындағы табиғи-климаттық жағдайларға тікелей тәуелді.

Инспекция мамандары қоңыз аз болған кезде оларды химиялық заттармен улаудың қажеті жоғын айтып, оларды тек қолмен теріп алса жеткілікті екенін алға тартты.

Сондай-ақ, қыстың аязы мен және көктемгі сұрқай ауа райының қолайсыздығы жалғыз колорад қоңызын ғана жойып қоймаған көрінеді. Бұдан басқа дала тышқандарының, сұртышқанның және шегірткенің азаюына ықпалын тигізген екен.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ