Қорытындылап өтті

286
көрілім

ШҚО №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Анна Жумагулова баспасөз конференциясын өткізіп, 2018 жылдың үш айын қорытындылады.

Биылғы жылдың 3 айында аталмыш сотқа 26 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде іске қатысты 9 үкім жария етілген.

– Барлық сотталғандар саны 20 адамды құрап отыр, – дейді Анна Жумагулова, – Заңбұзушылыққа жол берген кәмелетке толмаған 5 жасөспірім жазаға тартылды. Соттасқан тараптарды медиативті келісімге келтіру үшін тиісті шаралар атқарылуда. Нәтижесінде 9 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылған.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ