Күршім ауданында жедел алдын алу шарасы барысында рейд жүргізілді

334
көрілім

Аудан орталығында Күршім аудандық полиция бөлімінің және ЖПҚБ КТІжБ қызметкерлері тізе қосып, «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы аясында рейд жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шараға полиция капитаны Е.Тукпиев, полиция лейтенанты А.Айдарқанов, полиция аға лейтенанты Д.Баймолдин, білім бөлімінің мамандары және басқа да құзырлы органдар өкілдері қатысты.

- Рейд барысында түнгі уақытта қоғамдық орында жүрген балалар анықталып, оларға ескерту жасалды. Бұл бағыттағы рейд күнделікті өткізіледі. Құрметті, ата-аналар, балаларыңыздың түнгі уақытта қараусыз көше кезуіне жол бермеңіздер, - делінген мәліметте.