Күршім ауылындағы бассейнге жаттықтырушы қажет

109
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Күршім ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев жүзу бассейніне барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда құрылысқа шамамен 470 миллион теңге жұмсалған болатын. Содан осыған қатысты бірқатар дау-дамай туындады. Жауапсыз мердігерлер үшін нысан уақтылы қолданысқа берілмеді. Сонымен қатар, спорт нысаны барлық талаптарға сай болуы үшін қосымша 46 миллион қаражат бөлу қажет болды.
Қазір мұнда бес жүзу жолы жұмыс істейді, бассейннің ұзындығы - 25 метр. Барлығы 60-тан астам бала бар, екі жаттықтырушы жұмыс істейді. ШҚО әкімімен кездесу барысында тағы бір жаттықтырушы қажет екендігі атап өтілді. Бұдан бөлек, көптің қалауымен алдағы уақытта кешкі топтарды ашу мүмкіндігі қарастырылады.