Мамандық бойынша даярлық кезіндегі практикалық оқ ату

453
көрілім
Мамандық бойынша даярлықтың екінші аптасында мотоатқыштар практикалық атыс жаттығуларын орындады. Штаттық қарулардың техникалық-тактикалық сипаттамасын теория жүзінде оқыған жауынгерлер, оны іс жүзінде ұрыс жағдайында қолдануға көшті.
 
«Жаңа Ахмер» оқу-жаттығу полигонында танкіге қарсы взводтың есептоп құрамы танкіге қарсы станокті гранатаатқыш қаруымен оқ ату жаттығуларын орындауды жүзеге асырды. Сарбаздардың оқ атудағы және қаруды қолданудағы ынта-жігерлерінің күшті екені жаттығу барысында байқалып тұрды. 
- Есептоппен бірге әрекет ету кезінде өзімізге жүктелген тікелей тапсырмаларды орындаймыз. Станокті танкіге қарсы гранататқыш қаруынан дәлдеп көздеуді, қалай оқтау, тіпті қалай отырып ату керектігіне, сондай-ақ атыстан кейін күтіп-тазалауды да үйренудеміз, – деді қатардағы жауынгер Жандос Тазабеков.
Сарбаздардың әскери ант қабылдағандарына көп уақыт өтпесе де, олар сабаққа белсенді катысуда. Практикалық оқ атудың міндеті –  жеке құрамды барынша ұрыстық жағдайдағы жай-күйге баулып, ширақылық пен шапшаңдыққа үйрету. Әр сарбаздың ұрыстық жағдайдағы іс-қимыл әрекеттерін үйреншікті жаттықтыру. 
- Жалпы взводтың ұрыс кезіндегі тапсырмасы – ол шабуыл кезінде батальон қорғанысын ұстап тұру және қарсыластың шабуылына тойтарыс беру, – деп атап өтті танкіге қарсы взвод командирі 2-сыныпты сержант Дулат Уанов.
 
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі