«Нұр Отан» облыстық партиясы филиалы 500-ге жуық сайлауалды шара өткізді

342
көрілім

Жуықта Өскемен қаласында «Нұр Отан» партиясы аумақтық қоғамдық штабының сайлауалды үгіт-насихат компаниясы брифинг өткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз тілшісі.

- Бүгінгі таңда «Нұр Отан» облыстық партиясы филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде орындап келеді. Жер-жерде өткізілетін шаралар, үгіт жұмыстары партияның жүйелі қызметі мен лайықты үміткер екенін көрсетуде, - дейді облыстық филиалының төрағасы Олег Чугунков.

«Нұр Отан»партиясынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға аудандар мен аймақтарда жалпы саны 20 штаб ашылған. Аталған орындарда 2000-нан аса адам жұмыс істеуде.

- 1853 адам бақылаушылар тобы құрылып, азаматтардың түрлі сұрақтары мен өтініштерін қабылдайтын 20 қоғамдық қабылдау орындары өз ісін атқаруда, - деп атап өтті Олег Чугунков.

Сайлауалды 499 шара өткізіліп аймақта мобильді үгіт-насихат топтары мен еріктілер ұйымдары құрылған.

Айта кетсек, алғаш рет «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен «Team KZ» белсенділер тобы жасақталып қоғам назарын тартуда.

Облыстың әр ауданы мен қалаларында 100 мыңнан аса көлемді үгіт материалдары бекітілген. «Бірге» акциясы бойынша 18 мыңнан аса толтыру бланктары мен 17 мыңдай ұсыныстар мен тілектер таратылып, аймақтық сарапшылық кеңестің 2 отырысы өткізілді.

 

Данияр ЗАЙНЕЛОВ