Облыстық мәслихат депутаттары бірнеше адамға «ШҚО-ның Құрметті азаматы» атағын берді

383
көрілім

Бүгін облыстық мәслихат депутаттары бірнеше адамға «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаеваға, сондай-ақ ШҚО-ның бірнеше азаматына беру туралы шешім қабылданды. Олардың қатарында «Выдрихинское» ЖШС директоры Александр Белкин, Өскемен және Семей епископы Андрей Бондаренко, ШҚО Абай театрының әртісі Бекен Имаханов пен «Приречное» агрофирмасы» ЖШС директоры Мұхит Тұмабаев бар.

 Мұхит Тұмабаев - Өскемен қаласының әкімі болып, Риддерде болған жол-көлік оқиғасынан кейін қызметінен кеткен Қуат Тұмабаевтың әкесі.