Оқушыларды спорттық жарыстарға апару үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінуі керек пе?

660
көрілім
Мектептерге дене шынықтыру сабақтарын жүргізетін арнайы құралдарды сатып алуға және балаларды спорттық жарыстарға апаруды ұйымдастыруда бюджет тарапынан қаражат қарастырыла ма?

Күршім ауданынан тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова жауап берді:

Мектептерді спорттық құралдармен қамтамасыз ету бойынша қосымша қаражат бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығының талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілігіне бюджеттік есептер мен негіздемелерді ұсынған кезде қарастырылады.

Ал оқушыларды спорттық жарыстарға апару кезінде олардың және балаларды апаратын адамдарға мектеп әкімшілігімен іссапарға бару жөнінде бұйрық шығарылады. Іссапар шығындары жоғарыда көрсетілген заңнама негізінде есептер мен негіздемелерге сәйкес төленеді.

Мектеп басшылығы тарапынан спорттық құрылғыларды сатып алуды немесе балаларды спорттық жарыстарға апару кезінде мұғалімге өз қалтасынан қаражат төлеу ұсынылса, онда ол азамат заңмен белгіленген тәртіпте мекеме басшысына, мемлекеттік немесе сот органдарына шағымдана алады.