Өндіріс көлемі өсті

236
көрілім

Шығыс Қазақстанда биылғы жылдың 3 айында 420,2 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Өндіріс өсімі Риддер қаласы, Бородулиха, Зырян және Катонқарағай аудандарын қоспағанда облыстың 19 өңірінің 15-інде байқалады.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінде ең жоғарғы үлес (90%-ға жуық) әдеттегідей ірі және орта кәсіпорындарға келеді. Жалпы өндіріс саласында біздің облыс республика бойынша Павлодардан кейінгі алтыншы орында тұр.

– 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында өндірілген өнім көлемі жағынан бірінші орында металлургия өнеркәсібі тұр, – дейді ШҚО Статистика департаменті Өндіріс статистикасы басқармасының басшысы Дидар Сержанов, – 3 айда химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 33,6%-ға, табиғи газ 32,1%-ға көмір және лигмит 22,4%-ға өскен.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ