Орталық коммуникациялар қызметінде қоғамдық кеңестердің рөлі талқыланды

294
көрілім

Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті, онда Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Олег Чернышев ҚР Қоғамдық кеңесіне қалай мүше болуға болатынын және қоғамдық кеңес мүшелері – депутаттардың көмекшілері екендігін тілге тиек етті.

Қоғамдық кеңестің құрамына кіру тәртібі ашық түрде өтеді: ҚР азаматтарынан өтініштерін қабылдайтын жұмыс топтары құрылады. Кеңес құрамына кіру бойынша ары қарайғы жұмыс жұмыс берушілер, үкіметтік емес ұйымдар және қорлар ұсынған кандидаттардың ұсынымдарына негізделеді. Ол көшбасшы болуы және қоғамдық кеңестерге қатысып, халықтың мүддесін қорғай білуі керек екендігін айта кету керек.

Барлық ұсынымды өтініштерді жұмыс тобы егжей-тегжейлі қарап, одан кейін шешім қабылдайды, — дейді Олег Чернышев.

«Қоғамдық кеңес туралы» заңда Кеңестің үштен бір бөлігі – билік органдары, үштен екі бөлігі – азаматтардан тұратындығы жазылған.

Олег Чернышевтің айтуынша, қоғамдық кеңес мүшелері, сараптау тобының мүшелері – депутаттардың көмекшілері.

Өйткені депутаттар нақты шешім қабылдайды, ал қоғамдық кеңес қандайда бір саладағы шешілмеген мәселесі бар жерлерге сараптама, мониторинг жүргізе алады. Осындай жұмыстардан кейін олар бізге – депутаттарға мәслихат, мәслихат сессиясы үшін дайын материалдар береді, – деп түсіндірді ол.

ШҚО Аймақтық байланыс қызметі