Өскемен қаласында өрт сөндірушілер төрт жасар баланы құтқарды

289
көрілім

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйде отқа оранған пәтерлерден кішкентай баланы байқап қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

24 мамырда сағат 00.00 шамасында Вострецова көшесінде өрт болған. Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жалын ошағы төртінші қабаттағы пәтерден шыққан.

Өрт салдарынан жатын бөлмеде жиһаз бен тұрмыстық техника жанып кеткен, - деп нақтылады баспасөз қызметі, Бір қабат жоғары орналасқан пәтерді балконнан барлау кезінде 2015 жылы туған ұл бала құтқарылды. Арнайы сатының көмегімен №2 Өрт сөндіру бөлімінің командирі Аслан Иманбаев бүлдіршінді түсіріп алып дәрігерлер қолына тапсырған.

Дәрігерлік көмек балаға қажет болмады.

Жалпы алғанда оқиға орнында 8 адам құтқарылған, оның үшеуі балалар.